Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралады

509

0

Футболдың супер жұлдызы Криштиану Роналду 36 жасында «Манчестер Юнайтед» ағылшын клубына оралады, деп хабарлайды Egemen.kzBBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ағылшын клубының өзі Криштиану Роналдудың итальяндық «Ювентустан» «Манчестер Юнайтедке» ауысуы туралы жариялады.

Роналду жұма күні «Ювентус» жаттығуларына командаластарымен қоштасу үшін барған.

Роналду Манчестер клубына 18 жасында, 2003 жылы келіп, алты маусымда клуб үшін 118 гол соқты. Жоғары деңгейдегі кәсіби шабуылшылардың көпшілігі бұндай көрсеткішке жете алмайды. Спортшы «Ювентусқа» ауысқан сәттен бастап үш маусымда 101 гол соқты. 

Роналдудың «Манчестер Юнайтедке» ауысуы туралы жаңалық үшінші тарап бақылаушылары үшін үлкен тосынсый болды. Өйткені жұма спорт шолушылары оны «Манчестер Ситиге» ауысады деп болжамдаған.

Еске сала кетсек, футболдың тағы бір аңызы – аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<