Танымал әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі алғаш рет немерелі болды.
«Ассалаумағалейкүм асылдарым! Сүйінші! Немерелі болдым! Аллаға мың шүкір! Қазақ елі, сіздерге де немере-шөбере жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр!», – деді ол.
Көпшілік Сәкенді құттықтап, тілектерін арнауда.
«Бауы берік болсын», «Құттықтаймыз», «Ғұмыры ұзақ болсын!, «Аллам өмірімен берсін», – деп жазды оқырмандар.






