Зауыт құрылысының жай-жапсары пысықталды

4

0

Мемлекет басшысы 2019 жылы Қызылорда облысына жұмыс сапарында Арал қаласында кальцийленген сода өндіру зауытын салу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бүгінде аталған жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде «Арал сода» серіктестігі жұмыс істеуде.

Өндіріс орнында жылына 330 мың тонна кальцийленген сода өндіріледі, іске қосылған кезде 699 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру рәсімінен өтуде. Биылғы 20 наурызда қаржыландырудың бірінші кезеңіне қажетті құжаттар тапсырылып, жоба мақұлданған. Қаңтар айында зауыт құрылысын салатын мердігерді анықтау үшін өткізілген тендердің қорытындысымен қытайлық China Tianchen Engineering Corporation компаниясы жеңімпаз болып танылған. Бүгінде тараптар келісімшарт жасап жатыр.

Бұл туралы кеше облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың «Арал­тұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқа­шев­пен кездесуінде сөз болып, Арал ауданында кальций­ленген сода өндіру зауыты құрылысын салу мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы «Аралтұз» отандық тұз өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі екенін атап өтіп, жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығына тоқталды.

«СБ» ақпарат