Кәсіпкерлермен кездесу

298

0

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалымен (әрі қарай- РМК «Қаз СтИн»Қызылорда  филиалы) бірлесіп, ҚР-ның «Стандарттау туралы» заңын талқылау; ЕАЭО-ның ТР 043/2017 «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіретін құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» Кеден Одағының техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған халықаралық және аймақтық стандарттар олар болмаған жағдайда ұлттық стандарттар тізімінің жобаларын талқылау мақсатында«PrimaPark» ғимаратында облыстық департамент, басқарма мамандарымен аумақтың кәсіпкерлерімен қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесуді ТРжМК Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы  Ерқанат Кеулімжаев  ашып, ҚР-ның «Стандарттау туралы» заңына 2018 жылдың 5-ші қазанында ҚР-ның Президентінің қолы қойылып қабылданғандығын айтылды, аталған занның маңыздылығы жайында баяндауға «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалының директоры Гүлназ Шарапатқа сөз кезегі берілді.
«ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалының директоры Гүлназ Шарапат ҚР-ның «Стандарттау туралы» заңының мақсаты мен артықшылықтарына толық тоқталды. Осы заңға сәйкес халықаралық және жаңадан әзірленген ұлттық стандарттарға толықтай сараптама мен мониторинг жүргізілетіндігін атап өтті.
Қызылорда обблысының төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Арман Дастанов ЕАЭО-ның ТР 043/2017 «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіретін құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» Кеден Одағының техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған халықаралық және аймақтық стандарттар олар болмаған жағдайда ұлттық стандарттар тізімінің жобаларына  тоқталып, түсіндірме берді.
Кездесуде пікір алмасу болды. Кездесуге қатысушылардан күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болған жағдайда департаменттің электрондық поштасына  gosnadzor@bk.ru жіберу жөнінде ұсыныс жасалынды.

                                                    ТржМК  Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<