Күріш ақтау цехы іске қосылады

177

0

Жалағаш ауданының тұр­ғыны, жеке кәсіпкер, «Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Елеусінов – іскер азаматтардың бірі. Ол кәсібін өрістетіп, өндіріс аясын ұлғайту мақсатында Ақсу ауылдық округінің автомобиль жолы бойынан жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылыс жұмыстарын бастады.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды. Ал құрылыс жұмыстары кәсіпкердің өз қаражатына жүр­гі­зіледі.

Күріш ақтау цехы биылғы жылдың қазан айында аяқталып, тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды деп күтілуде. Жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қам­тамасыз етіледі.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз