Латын графикасындағы ғылыми мақалалар халықаралық журналда жарық көруде

266

0

Саяси ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің профессоры Мұрат Насимов 2013 жылдан бастап ресейлік «Молодой ученый» журналының арнайы нөмірлерін шығарып келеді. 

Осы уақытқа дейін журналдың 25 арнайы нөмірі жарық көрді. Аталмыш нөмірлерге тек облыс ғалымдары мен педагогикалық қызметкерлерінен бөлек өзге аймақтың да авторлары белсенді түрде араласуда. Бүгінде бұл нөмірлерде 80 мекеме қызметкерлері мен студенттерінің 555 ғылыми мақалалары жарияланған.

2019 жылдан бастап журналдың тұрақты авторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің профессоры Марат Жанзақов латын графикасындағы ғылыми мақалаларды жариялай бастады. Қазіргі таңда ол жаңа әліпбидегі үш ғылыми мақаланың авторы.

Бірінші мақаласында ғалым сортішілік өзгергіштік және сортты жаңарту сұрыптаулары мүмкіндіктерін пайдалануды зерттейді. Екінші мақаласында селекцияда экологиялық принцип бойынша ата-аналық жұптарды таңдауды қарастырады. Ғалымның үшінші мақаласы егістік дақылдарын механизацияға бейімділік селекциясына арналады. Берілген ғылыми-зерттеу жұмыстары М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Б.Кенбаев, №264 мектеп-лицейінің мұғалімі З.Қ. Қарақұлова, «Болашақ» университеті колледжінің оқытушысы Н.Тыныштықбаев, «Болашақ» университетінің студенттері Д.Азберген, А.Дүйсенғазиев және А.Смаиловамен бірлескен авторлықта жарияланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<