Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

301

0

Қазақстан – егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, тіліміз әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешірді.
Мемлекет басшысының халыққа арнаған стратегиялық бағдарламасындағы айрықша назар аударатын мәселе – мемлекеттік тіл жайы, тілдердің үш тұғырлылығы туралы жайттар. «Қазақ тілі, – деді Елбасы, – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет… Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек».
2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен оны мемлекеттік деңгейде орнықтыру мәселесіне айрықша орын берілген. Бұл, әрине, болашақта қолданылатын әліпбимен тікелей байланысты кең қанат жаятын аса маңызды іс.
Жалпы, егемен ел болғалы латын қарпіне көшу жайы үнемі айтылып, күні бүгінге дейін қаншама талқылауларда сан-алуан ұсыныстар беріліп, әлі бір тоқтамға келе алмай жүрген өзекті мәселенің бірі еді.
Латынға көшудегі ұлы мұрат қазіргі заманғы технологиялық орта-ны, ком¬муникацияны, сондай-ақ ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру процесінің ерекше¬лік¬терін алға тарта отырып, түркі дүниесімен рухани жақындасу және орыс тілінен күштеп енгізілген басы артық әріптер мен кирилдегі тіл бұзар емле ережелерден құтылу болатын. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Қазірде біздің елімізде латын жазуына көшуге байланысты барлық мүмкіндіктер, қажетті алғышарттар жасалған деп айтуға болады.
«Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Яғни заман талабына сай болып жатқан өзгерістер мен реформаларды дұрыс қабылдап, оларды бойымызға сіңіру, олардың іске асырылатынына сену және сол игілікті қадамдарға өз үлесімізді қосу баршамыздың міндетіміз деп білеміз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты әрі нық қадаммен алға бассақ, айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Латын әліпбиі негізінен төл әліпбиіміз болғандықтан, халқымыз үшін қиындықсыз іске асырылып кететіне сенім мол.
Қызылорда полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<