Әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді

767

0

Шиелі ауданында Конституция күніне орай, кенттегі №45 Ақ-орда мектеп-гимназиясының жаңа корпусы пайдалануға берілді.
№45 Ақ-орда мектеп-гимназиясының жаңа корпусын салуға облыстық бюджеттен жобалы құны 224 млн. 569 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізді. Мектеп ғимаратының жаңа корпусы 2 қабатты, 8 бөлмеден және 100 орындық асханадан тұрады. 1-2 қабаттарындажуынатын бөлмелері орналасқан.
Аудан өмірінде елеулі орны бар осынау салтанатқа аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысып, жиналған қауымды қуаныштарымен құттықтады.
Қадірлі ағайын, құрметті ұстаздар, баршаңызды бүгінгі Конституция күнімен, алдағы Білім күні мерекесімен құттықтаймын. Қос мереке қарсаңында №45 Ақ-орда мектеп-гимназиясының жаңа корпусы ашылып, тағы бір қуанышқа кенеліп жатырсыздар. Ендеше жаңа мектеп корпусы құтты болсын, – деді Әшім Оразбекұлы.
Жалпы ауданда білім беру саласына қыруар қаржы бөлінуде, әрі оның көлемі жылдан жылға өсе түсуде. Соның нәтижесінде білім беру жүйесі жыл сайын жаңа мектептермен толығуда, қаншама мектеп күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Міне, мұның бәрі Елбасының көреген саясатының жемісі. Мемлекетіміз болашақ ұрпақтан оларға сапалы білім, саналы тәрбие беруден ештеңе аяп жатқан жоқ. Балалар үшін барлық жағдай жасалуда. Енді ұстаздар осы мүмкіндікті пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істеуі керек. Бәсекеге қабілетті шәкірт дайындау, оларды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу ұстаздармен қатар бүкіл қоғамның ең қастерлі парызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<