Лисаковтағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

383

0

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы Лисаков қаласындағы атыс салдарынан зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

33 жастағы әйелдің жағдайы өте ауыр. Ал полиция қызметкерінің иығына ота жасалады. 

«1988 жылғы әйелдің іш қуысы мен кеудесіне оқ тиген. Ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Полиция қызметкері де ауруханада, алда операция жасалады, иығына оқ атылған», – деп хабарлады Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Лисаков қаласының тұрғыны көппәтерлі үйде аңшылық мылтықтан атыс шығарды. Бір әйел қайтыс болды, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Ол полиция қызметкерін де жаралады. Оған полиция қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті жарақат алып, кейінірек жансақтауда қайтыс болды. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айып берді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз