Мәншүк мектебіне ақ тілегіңді арна

2035

0

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы, оқу орнының 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық жастардың патриоттық форумы өтеді.

5 мамыр күні күні өтетін форумға қашықта болып қатыса алмасаңызда, түлек ретінде ақ тілегіңізді арнай аласыз. Бұл туралы колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Фархат Әбжаппаров өзінің әлемуеттік желідегі парақшасында жазды.

«Білім нәрімен сусындатқан оқу орнына деген барша түлектердің құттықтау тілектері мен жылы лебіздерін #manshuk100_college90 хэштегі арқылы жариялауға шақырамын. Өзіңіз танитын колледж түлектерін пікірге қалдырып кетіңіз!» деп жазды ол.

Мәншүк мектебінің түлегісіз бе? Ендеше білім ордаңызды мерей тойымен құттықтауға асығыңыз!

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы«

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<