Мамандыққа  грант көбейді

615

0

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандықтар бойынша бакалавриатқа және резидентураға білім гранттарының санын арттырды. Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінді: «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына  2335 грант, квота  365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.),

20 халықаралық келісімдер шеңберіндегі грант.

Магистратураға «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация», «Биомедицина», «Медицина», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді. 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1500-дің орнына 1700-ге дейін, 2024 жылы  1800, 2025 жылы  2000-ға дейін ұлғаяды. Айта кетері, резидентураның мемлекеттік білім тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<