Марафон кезінде 16 адам көз жұмды

532

0

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында спорттық марафон кезінде кемінде 16 адам көз жұмып тағы бесеуі із-түссіз кетті, деп хабарайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.


«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Байинь қаласы (Ганьсу провинциясы) маңында спорттық шара кезінде ауа райы аяқ астынан бұзылып, қатты жел мен бұршақ жауған. Спорттық шара бірден тоқтатылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, ауа райының қолайсыздығынан 16 адам көз жұмып, тағы бес адам із-түссіз жоғалып кетті.

Авторы Руслан Сүлейменов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<