Мас күйінде көлік тізгіндеген

957

0

3 қаңтар күні облыс орталығында екі автокөлік соқтығысты Одан зардап шеккендердер жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Бұған қоса, сот шешімімен 2019 жылдың 12 ақпанында ол 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан мас күйінде қайта көлік тізгіндеген. 

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.  Күдікті облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<