Медициналық көмекті жетілдіру бойынша семинар

1329

0

Жүктi және босанған әйелдерге көрсетiлетiн медициналық көмекті жетілдіру бойынша семинар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң бұйрығымен бекітілген «2022-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жүктi және босанған әйелдерге көрсетiлетiн медициналық көмекті жетілдіруге арналған Жол картасының» орындалуы және ана өлімінің алдын алу, болдырмау мақсатында «Астана медициналық университетінiң» акушерия және гинекология кафедрасында аймағымыздағы акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер жергілікті бюджет есебінен бiлiктiлiктерiн арттырды.

Екi тақырыпты құрайтын семинарға өңiрiмiзден барлығы 50-ге жуық маман қатысты.

Сыр мамандарына «Астана медициналық университетінiң» акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісi Зайтуна Гадилқызы және Халида Шарипова, Айгүл Мырзабекова дәрiс бердi.

Осы ретте ұйымдастырушыларға Сыр медицинасы қызметкердерi атынан алғысымызды бiлдiремiз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<