Мекен-жай анықтамасын қалай алуға болады?

2040

0

Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекен-жайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады?

Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз

Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз

Қызметке онлайн сұрау жасаңыз

Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекен-жайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз

Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз

Бұдан кейін сізге мекен-жайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекен-жайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады

Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<