«Мектепке жол»: 30 мыңнан аса өтініш

1223

0

«Мектепке жол» акциясы басталғаннан уақыттан бері қаржылай көмекті алу үшін облыс бойынша 30 мыңнан астам өтініш түскен. Міндетті оқу қорынан берілетін бір реттік көмек 20-25 тамыз аралығында ата-аналар немесе заңды өкілдердің жеке есеп шоттарына аударылып болады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов мәлімдеді.💬Ағымдағы жылы Міндетті оқу қоры есебінен көмекке мұқтаж отбасы ретінде 31 322 бала есепке алынған. Аталмыш қор есебінен бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 171,4 млн.теңге бөлініп отыр. Аз қамтылған отбасынан шыққан барлық 31 322  балаға 37 389 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетін болады, – деді Бағдат Камбозұлы.Былтырғы жылмен салыстырғанда көмек көрсетілетін бала саны биыл 1451-ге көбейген. Осы орайда Міндетті оқу қорынан қаржы алмайтын 1601 балаға демеушілер есебінен 18 млн 653 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.Айта кетейік, Міндетті оқу қоры қарастырылмаған жеке мектептерде бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 192 бала білім алуда. Олардың кепілдік берілген әлеуметтік көмек алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында ірі компаниялар арқылы қаржылай көмек көрсету қарастырылуда.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<