Меморандумға қол қойылды

1039

0

«Өрлеу» Қызылорда филиалы мен Шиелі ауданындағы Б.Қашқынбаев атындағы №142 орта мектебі, қалалық К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебі арасында өзара ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Кездесу барысында оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісімдер жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер талқыланды. Қол қойылған меморандум аясында қатысушылардың ынтымақтастығы оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейтуге, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, ғылыми-зерттеулер жүргізуге, әдістемелік құралдар дайындауға, педагогикалық тәжірибеде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге бағытталады.

Аталған меморандум «Өрлеу» Қызылорда филиалы мен Б.Қашқынбаев атындағы №142 орта мектебі, облыс орталығындағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебі арасындағы табысты, бірлескен жұмыстардың бастамасы болатынына сенім білдіреміз!

Гүлхаят МАХМУТОВА,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының

PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<