Мерейлі мамандық иелеріне құрмет көрсетілді

332

0

Елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні тойланады. Мерекені бірнеше жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісінде атап өту дәстүрге айналды.


Антына адал білікті дәрігер ретінде өмір мен өлімнің тайталасына түскен жандарға екінші мәрте жарық күн сыйлап жүрген мерейлі мамандық иелеріне төгілген маңдай тердің, жұмсалған күш-қайраттың, төзім мен шыдамның өтеуі болса керек, марапаттау, құрметтеу бірер күннен бері толастамауда. Осындай құрмет құшағына бөленіп отырған сала мамандары «Nur Otan» партиясының да ықыласына бөленді.


Бүгін партияның аймақтық және аумақтық филиалдары медицина мекемелері мен оларда орналасқан бастауыш партия ұйымдары мүшелерін, сала ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<