Мөлдір Жаңбырбай Токио олимпиадасына лицензия жеңіп алды

429

0

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды.

Айта кетейік, бұл каратеден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия. Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<