Мұхтар Шахановқа арнау

284

0

Фото автордан

Қадірлейік бабалардың  мұрасын,

Ұмытпайық қазақтың қазынасын.

Бірлік пенен достықты аманат қып,

Бабалар қалдырды бізге, зор үмітпен мирасын!

Ұлы ойшыл  XX ғасырдың

Баян етті оқиғасын асылдың

Алты ай бойғы алапаты Шыңғыстың,

Жермен жексен етті жерін бабамның!

«Құм мәңгілік бүркей алмас асылды,

Даңқың көктеп өтеді әлі ғасырды!»

Деп елімнің ұлы ойшыл ақыны,

Сипаттады ұлы бабам Қайырды!

Ал ендеше мына шағын арнауды

Аяқтауға міне, уақыт сәл қалды!

Қазақ елі ұмытпаңдар бабаңды ,

Сіздер үшін төккен, қан – майданда көп қанды.

Еске салу  мақсатымен осыны,

Жиналыпты  жас – ақындар байсалды.

Қарақат  ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

М.Шоқай атындағы 

№187 IT мектеп-лицейінің

7 «Б» сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<