Науқан қалыпты деңгейде өтуде

1004

0

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіндегі №204 сайлау учаскесінде де тұрғындар ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлаушылар тізім бойынша 1019-ды құрайды. Сайлау учаскесінің төрағасы Бауыржан Ермұқановтың айтуынша, науқан қалыпты деңгейде өтуде. Үйден дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі үш тұрғыннан өтініш түскен. Түс ауа сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барып, жұмыс жасайтын болады.

Ал, №5 мектеп-лицейде №198 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Онда 1813 сайлаушы тіркелсе, таңнан түскі сағат 13:00-ге дейін мұнда 300-дей сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Айта кету керек, сайлау карантиндік талаптарға сай санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

-Сайлау жақсы басталды. Түске дейін тіркелген халықтың 30% келді. Кешкі сағат 8:00 дейін толық дауыс жинап үлгереміз деп ойлаймын. Алғашқы келген екі тұрғын мен 18 жасқа толған үш жасқа арнайы сыйлық тарту еттік. Сондай-ақ, барлығы бірге келген отбасына да құрмет көрсетілді. Алдын ала түскен өтініштердің негізінде 13 адамға үйден дауыс беру үшін сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар кетті,- деді сайлау учаскесінің төрағасы Рита Мұқашева.

№198 сайлау учаскесіне бақылаушы ретінде қатысып жатқан сарапшылар да саяси науқанның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалауда.

№203 сайлау учаскесінде сайлаушылар лек-легімен келуде. Ең белсенді сайлаушылар – зейнеткерлер мен орта жастағы азаматтар. Мұнда 1836 сайлаушы тіркелген. Қауіпсіздік шараларыда толық сақталған.

-Саяси науқан біз күткен деңгейден де жақсы өтуде. Халықтың сайлауға көптеп келуі ұйымшылдық пен адамдардың өз болашағын жарқын етуге деген ұмтылысын білдіреді,-дейді сайлау учаскесінің төрағасы Қайрат Нұрымбетов.

Мейрамгүл Дауылбайқызы,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<