Негізгі бағыттағы оң нәтиже

264

0

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты.

– Жалпы, қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, қордың басқару деңгейлері жос­парлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.

А.Есімов Мемлекет басшысына қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жос­пары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<