«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына – 34 жыл

629

0

Невада-Семей антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл. Осыған орай облыс орталығындағы Тағзым алаңында еске алу митингі өтті.

Еске алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш қатысты.

1989 жылдың 28 ақпаны күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың бастамасымен жалпыхалықтық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, еліміз ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір мемлекет ретінде әлемге танылды. Ширек ғасыр өмір сүрген антиядролық ұйым ел тарихына жарқын беттер сыйлады. Еліміз бейбітшілігімен әлемдік деңгейде өзіндік орны бар мемлекетке айналды.

Облыс әкімінің орынбасары ардагерлерге ыстық лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі. Сондай-ақ, бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.

Іс-шараға қатысушылар Семей ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<