Облыс әкімі ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесті

198

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті.


Басқосуда өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру және ауылдық елді мекен тұрғындарының денсаулығын жақсарту шараларымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында аймақта жаңа медициналық нысандар құрылысын салу, дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету және қауіпті ауруларды ерте анықтап, алдын алу мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар медициналық нысандарды аралап, халықпен кездесіп, жеке қабылдаулар өткізеді. Сондай-ақ, Ажар Ғиният Шиелі ауданының ауданаралық ауруханасына барады және аудандағы Досбол би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысады.