Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

502

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін» деп жазылған жеделхатта.

Президент Әкімшілігі мен министрліктердегі өзгерістер

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жаңашылдықтар нәтижесінде елімізде 5жаңа министрлік құрылып, Президент Әкімшілігі құрылымы қайта жасақталды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі шолу ұсынды.

Сонымен Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылып, Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Сонымен бірге, кеше Президент Жарлығымен, 5 жаңа министрлік құрылды, олар – Су ресурстары және ирригация министрлігі; Көлік министрлігі; Туризм және спорт министрлігі; Мәдениет және ақпарат министрлігі; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Сәйкесінше, Мемлекет басшысы 4 министрді қызметтерінен босатты:

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Жаңа министрліктердің басшылары әлі тағайындалған жоқ.

*сурет ашық дереккөзден алынды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<