Өзбекстанда барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды

469

0

Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті шешім жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссияда қабылданды.

«Мұнда барлық мерекелік бұқаралық іс-шаралар, спорттық шаралар сондай-ақ концерттер, фестивальдер, театр және кинокөрсетілімдер туралы айтылып отыр. Шараның қай жерде өтетіні – ашық алаңда немесе жабық ғимаратта ұйымдастырылуы маңызды емес, бәріне шектеу қойылады. Ал спорттық жарыстарды жанкүйерлерсіз өткізуге болады», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 1 тамыздан бастап Өзбекстан аумағында той, жерлеу және басқа да отбасылық шаралар өткізудегі санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын бақылау күшейтіледі және оған қатысушылар саны 50 адамға дейін шектеледі.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл тыйымдар коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша күшінде болады.

Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік талаптар күшейтілді.

Өзбекстан астанасы екі апталық карантинге жабылды.

Ташкенттегі төсек қорын кеңейту үшін 2 мың орындық резерві бар ковидтік орталықтар ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<