Оффлайн білім беру: эпидемиологиялық ахуал қандай?

589

0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалар бақылауында 316 жалпы білім беретін мекеме бар.

Өткен  2020-2021 оқу жылында  оқушылар арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың482 жағдайы тіркелді, олардың 58% үйден оқытылатын науқас оқушылар арасында, 42% оффлайн режимде оқыған балалар арасында анықталды. Ал биылғы жаңа оқу жылының 9 күнінде  102 оқушы індетке шалдықты. Оның ішінде 92 жағдай мектеппен байланысты емес, яғни бұл жазғы демалыс уақытында үй ошағындағы қарым-қатынас арқылы жұқтырып, үй карантиніне оқшауланған оқушылар. Ал қалған 10 дерек білім алуды оффлайн форматта бастаған балалар арасында тіркелді, осыған байланысты қарым-қатынаста болған адамдар шеңбері анықталып, 13 сынып  оқушылары 14 күнге  үй карантиніне жіберілді.

Былтырғы оқу жылында76 мектепте КВИ тіркеліп,  мектептердің зақымдану көрсеткіші 25,4% – ды құраса, жаңа оқу жылының 9 күнінде 10 мектептен COVID-19  тіркеліп, зақымдану көрсеткіші 3,2% құрады.

2020-2021 оқу жылында мұғалімдер арасында коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 108 жағдайы тіркелді. Оның 40% оффлайн форматта сабақ берген педагогтар. Ал жаңа оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін 22  мұғалім осы ауруға шалдықты. Дегенмен олардың 17 жағдайы мектеппен байланысты емес, себебі еңбек демалысы, бала күтіміне байланысты демалыстары кезінде үй ошағындағы қарым-қатынастар арқылы жұқтырып, білім беру ұйымына бармаған. Ал 5 жағдай жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастаған оқытушылар арасында анықталды. Бүгінгі күні қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды, ауру ошақтарында эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды.

Облыстағы жалпы білім беретін меткептерде қызмет атқаратын 22180 мұғалімнің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтылу көрсеткіші 95% құрайды.

 Департаменттің аумақтық басқармаларымен жүргізілген ерекше тәртіп бойынша тексерумен 280 мектеп, жоспардан тыс тексерумен 191 мектеп қамтылды. Нәтижесінде санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін 252 санитариялық нұсқама, 324 әкімшілік айыппұл салынды.         3 мектептің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауы бойынша аталмыш мектептердің жұмысын уақытша тоқтату туралы  облыстық ауданаралық экономикалық сотқа материал жолданды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер қалпына келтірілді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысына сәйкес COVID-19 короновирус инфекциясының алдын алу, оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық мектеп байланыссыз термометрлер, санитайзерлер, антисептиктер, залалсыздандыру кілемшелері мен залалсыздандыру дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары«ASHYQ» қосымшасына толық қосылды. Білім беру ұйымдарындағы коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері департамент мамандарының бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<