Оқушылар үйінде тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды

644

0

«Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы аға тәлімгерлеріне арналған курс аясында «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу бағытында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде өткізілген шарада «Жас ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Гүлжібек Қапанова «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу мәселелері тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Балалар қоғамдық ұйымдарының қызметінің жұмыс жоспарын әзірлеу, жүзеге асыру, жобалау және ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру мәселелері бойынша озат тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік-сыныптан кейін тәлімгердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің тәлімгері Айгерім Қартабекова курс тыңдаушыларымен тренинг өткізді.

Әдістемелік көмек беру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабақтың қорытынды бөлігінде тыңдаушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, жоғары деңгейде өткізілген жұмысқа оң бағаларын берді.

Жанар Құлымбетова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<