Оқушылардың IT-құзыреттері: ICILS халықаралық зерттеуі

7051

0

ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектептегі білім беру оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланады. ICILS тапсырмалары бес тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әртүрлі аспектілерді қарастырады. Барлық тапсырмалар нақты өмірлік жағдайларға бағытталған.

ICILS-тің негізгі қатысушылары – жасы 13,5-14,5 жасқа сәйкес келетін8-сынып оқушылары. 8-сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан аспайтын кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып алынады. Қазақстанда көрсетілген жас санаты – 8-сынып оқушылары. Сонымен қатар, зерттеу шеңберінде мұғалімдер мен мектеп директорлары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының АКТ үйлестірушілері арасында сауалнама жүргізіледі.

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Оқушылардың IT-құзыреттері ICILS халықаралық зерттеуі» жинағынан.

ICILS нәтижелері елдерге АКТ дағдыларының деңгейін өлшеу үшін кең ауқымды мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл мәліметтер мектептегі орта мен білім беру оқушылардың АКТ деңгейіне қалай әсер ететінін түсінуге және осы дағдылардың дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың АКТ-құзыреттері ХХI ғасырда тұлғаның табысқа қолжеткізу үшін ЭЫДҰ-мен базалық дағды ретінде тағайындалған. Сандық технологияларды енгізу адамнан тек түрлі бағдарламалық қосымшалармен жұмыс істеу дағдыларын ғана емес, сонымен қатар ақпаратты пайдаланудың белгілі бір мәдениет деңгейін талап етеді.

Жанпониядағы Ұлттық Мультимедия институты жүргізген зерттеудіңнәтижелері, оқушылардың IT-дағдыларының бар болуы, олардың математика және гуманитарлық ғылымдар бойынша үлгеріміне оң әсер ететінін дәлелдеді.

2018 жылы IEA компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың ICILS-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. ICILS – бүкіл әлемдегі оқушылардың сандық құзыреттілігінің алғашқы және баламасыз зерттеуі. Алғаш рет 3373 қазақстандық оқушы мен 2630 мұғалім зерттеудің екінші циклі – ICILS-2018-ге қатысты. Жалпы, ICILS-2018 зерттеуіне әлемнің 14 мемлекетінен 46 мыңнан астам оқушы мен 26 мыңнан астам мұғалім қатысты. Зерттеумен Қазақстанның барлық өңірлері қамтылғанын ескере отырып, ICILS-2018 нәтижелері бүкіл ел деңгейіндегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы бойынша толық мәлімет алуға мүмкіндік береді: қазақстандық оқушылардың 33%-ы компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың ең төменгі деңгейіне де жете алған жоқ. Себебі,Қазақстанда оқушылардың IT-дағдылары ешқашан ұлттық және халықаралық деңгейде бағаланған жоқ. Сондықтан, қазақстандық оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының қалыптасудеңгейі туралы түсінік жоқ. Осындай бірегей мүмкіндікті Оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастық IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) ұсынып отыр. ICILS (International Computer and Information Literacy Study) зерттеуі әр бес жыл сайын жүргізіледі.

Осы мәселеде төңірегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің IT-құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Қашықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Қашықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін», «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында педагогтердің АКТ технологияларды пайдалануы бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыптарында жаңа бағдарламалар енгізіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруда.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.

2021 жылы Қазақстан ICILS-2023 зерттеуінің келесі цикліне қатысуға дайындалуда. ICILS-2023 циклінің нәтижелерін 2024 жылдың желтоқсанында Халықаралық академиялық жетістіктерді бағалау ассоциациясы ұсынады.

ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің келесі цикліне қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жоғары деңгейге көтерілетіндігімізге сенім білдіремін.

Мақпал Есенбекқызы,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы

Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту

әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<