Пәндік курстар басталды

310

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту», «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту», «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру», «Жаһандық құзыреттіліктер» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курс барысында педагогтер:

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын;

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды;

білім беру саласындағы жалпы мемлекеттік басымдықтар мен әлемдік трендтерді зерделеуді;

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының міндеттеріне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастыру жолдарын талдауды үйренеді.
Сонымен қатар, орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгеретін болады.
Педагогтердің жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<