Партия мүшелері бас қосты

383

0

Партия мүшелері бас қосты Ағымдағы жылдың 08 тамыз күні қалалық партия филиалының мәжіліс залында Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа үндеуіндегі бірінші бастамасы, яғни «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру мақсатында партия мүшелерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге«Қазақстанның Халық банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының аға менеджері Әсел Оспанова келіп, жиынға қатысушыларға бағдарлама жөнінде түсіндірме жасап, қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Сонымен қатар, аумағымызға бағдарлама шарттарының толық тіркелмегендігін, тұрғындарға несиенің тамыз айының аяғынан бастап берілетіндігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<