Пэйнтбол спорт орталығын ашты

743

0

Қызылордалық жас кәсіпкер, мүмкіндігі шектеулі жан Олжас Ақсейітов мемлекеттен қолдау тауып, пэйнтбол спорт орталығын ашты.

Ол 2013 жылы жұмыс барысында кенеттен мойын омыртқасынан зақым алып, 1-топ мүгедегі атанған. Алайда, тағдырдың қиындығына қарамастан Олжас Мәмбетұлы өзінің хоббиын қолға алып, өз мақсатына жетті.

Жас кәсіпкер 2020 жылы спорт орталығын ашу үшін «Бизнес-Мектеп» құралы бойынша оқу курсынан өтіп, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Спорт клубтарының қызметі» жобасы бойынша 2 000 000 грант жеңімпазы атанған.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер спорт орталығына келуші көп жастарға қызмет етуде. Бұл орталықта жастар пэйнтбол экстремалды жекпе-жек ойынымен айналысады.

Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаңа орталық жастардың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<