Полицейлер әулеті

1015

0

Күнмен, түнмен, ауа райымен, уақытпен санаспайтын осы бір мамандық иелерінің мойнындағы жауапкершілік пен жанкештілікті көбіміз ескере де, сезіне де бермейміз. Қатаң тәртіп пен мезгілсіз жұмысты кез-келген жанның қатар алып жүре алмасы анық. Бірақ, мәртебелі мамандықты атадан балаға жылдар бойы жалғап келе жатқан әулеттер көп. Мәселен, тек Қызылорда қалалық полиция басқармасының өзінде 15-тен астам полицейлер династиясы бар. Олар Отан алдында адал қызмет етуді ұрпақтан ұрпаққа ұлағат етіп келеді. Тәжірибесі тұтас полиция мектебін құрап отыр деуге де болады.

Мұндай отбасы – әрқашан әулеттің абыройы мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымдарын жадында берік сақтаған және осы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеген отбасы. Осындай отбасының бірі – Серікбаевтар әулеті. Серікбаев Ермек 25 жылдан астам уақыт құқық қорғау саласында қызмет еткен, қазіргі таңда зейнет жасындағы полиция майоры. Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда ОІІ-ның №10 тергеу изоляторында бастаған. Сатылап көтеріліп, түрлі салаларда абыройлы қызмет еткен полицей әкімшілік полиция инспекторы, анықтау бөлімшесі бастығының орынбасары, штаб бөлімшесінде инспектор қызметтерін атқарған. Зейнеткерлікке жергілікті полиция қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторы ретінде шыққан. Қызмет бабында қол жеткізген игі нәтижелері үшін департамент, басқарма басшылығының Грамоталарымен және Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

«Қазақстан Полициясына 25» жыл, Мінсіз қызметі үшін ІІІ,ІІ,І дәрежелі, ІІО ардагерлерінің медальдарымен, Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін төсбелгілерін алған.

– Тәртіп сақшысы – ол ең алдымен адал қызмет етіп, өзі тәртіпті сақтау. Жұмысы нәтижелі болу үшін әркім өз ісін жақсы сезіммен орындауы тиіс. Кез келген сақшының жұмысында қиын сәттер көп кездеседі. Бірақ ештеңеге мойынсұнбай, берілмей, тек алға жүру керек! – дейді ол.

Ол қызмет атқарған уақыт аралығында өзінің қызметтік міндеттері мен басшылар тарапынан берілген тапсырмаларды уақтылы орындайтын қызметкер ретінде көрсете білді. Үлгілі отбасы, жұбайы Жұманова Шәмшібану медицина саласының қызметкері.

Екеуі үш қыз, бір ұлы тәрбиелеп өсіріп, бір немеренің бақытты ата-әжесі.Ермек Серікбайұлының баласы Серікбай Назар да әке жолын қуған полиция қызметкері. Ол қызметтік жолын бастағанына екі жыл уақыт болғанымен, өзін құқық қорғау саласының қызметкері ретінде тек жақсы жағынан көрсете білді. Полиция лейтенанты Назар қазір жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы. Әке жолын қуған Назар абырой биігінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<