Президент отырған тікұшаққа пулеметтен оқ жаудырылған

873

0

Венесуэла шекарасына жақын маңда бортында Колумбия президенті Иван Дуке Маркес болған тікұшаққа үлкен калибрлі пулеметтен оқ жаудырылып. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Президентпен бірге Қорғаныс және Ішкі істер министрлері, сондай-ақ провинция губернаторы болған.

Президент өкілі атыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты.

Иван Дуке шабуылды «қорқақтардың ісі» деп атады және зорлық-зомбылық пен террорлық шабуылдардан қорқытпайтынын мәлімдеді.

Біздің мықты мемлекет осындай қауіп-қатерлерге қарсы тұра алады», – деді президент Twitter-де жариялаған видеоүндеуінде. Ол қауіпсіздік күштеріне кінәлілерді табуға бұйрық берілгенін де айтты.

Президент, министрлер мен губернатор бара жатқан Колумбия-Венесуэла шекарасына жақын жердегі Кататумбо аймағында «Ұлттық азаттық армиясы» солшыл радикалды тобы орналасқан. Ол 1964 жылы құрылған, мақсаты – жерді пайдалану мен байлықты бөлудегі теңсіздікке қарсы күрес.

Ұлттық азаттық армиясы» елдің ең ірі бүлікші тобы және Колумбия, АҚШ және Еуропалық одақта террористік ұйым саналады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<