Прозалық туындыларға сайыс жарияланды

1046

0

«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР САЙЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. «Ең үздік роман» бойынша ереже-шарттар

Тақырыбы: Тәуелсіздік.

Мақсаты: Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген талантты жастарды қолдау.

Бағыты: сайысқа қатысушы Тәуелсіздік жайлы роман жазады.

Шарты: Тәуелсіздік жайлы және ел тәуелсіздігін нығайтатын құндылықтарды (отансүйгіштік, еңбекқорлық, бірлік-ынтымақ, жәрдемсүйгіштік т.б.) насихаттайтын роман жазу;

Қатысушы: 16 – 44 жас аралығындағы кез келген қаламгер

Уақыты: 15 наурыз – 1 қазан аралығы. Марапаттау салтанаты: 15 желтоқсан.

Марапат: Жүлдеге ие болған қаламгерлерге грамота мен қаржылай сыйлық табысталады:

1-орын біреу, 1 000 000 теңге

2-орын біреу, 500 000 теңге

3-орын біреу, 250 000 теңге

Ұйымдастырушы: «Шабыт» жастар клубы және «Шабыт» баспасы

2. «Ең үздік әңгіме» бойынша ереже-шарттар

Тақырыбы: Тәуелсіздік.

Мақсаты: Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген талантты жастарды қолдау.

Бағыты: сайысқа қатысушы Тәуелсіздік жайлы әңгіме жазады.

Шарты: Тәуелсіздік жайлы ғибратты оқиғаны әңгімелеп жазу;

Қатысушы: 7–11-сынып оқушылары мен ЖОО студенттері

Уақыты: 15 наурыз – 1 мамыр аралығы. Марапаттау салтанаты: 20 мамыр.

Марапат: Жүлдеге ие болған қаламгерлерге грамота мен қаржылай сыйлық табысталады:

1-орын біреу, 100 000 теңге

2-орын екеу, 50 000 теңге

3-орын төртеу, 25 000 теңге

Ұйымдастырушы: «Шабыт» жастар клубы және «Шабыт» баспасы

Қосымша мәліметтер:

1. Сайысқа ұсынылатын жазбаша жұмыс бұрын жарияланбаған болу керек.

2. Жүлделі орынды анықтауда екі жазбаша жұмыстың мазмұны бірдей болған жағдайда қателерінің (орфографиялық, пунктуациялық, стильдік) аз болғаны таңдалады (сондықтан редактор мен корректорға тексертіп алыңыз).

3. Сайысқа бірнеше жазбаша жұмыс жазуға болады, шығарманың көптігі жүлдені анықтауда ескеріледі (екі сайыскердің деңгейі бірдей болған жағдайда, көп жазбаша жұмыс жазған қаламгер жоғары жүлдеге ұсынылады)

4. Әңгімені word нұсқасында tuganjer@gmail.com адресіне жіберу керек.

5. Үздік туындылар жинақ/кітап болып басылады және авторлық құқығы автор мен баспаға тиесілі болады.


adebiportal.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<