Қай елдің автокөліктері Қазақстаннан шығарылады?

501

0

Еуроодаққа мүше елдерден әкелінген көліктер Қазақстаннан шығарылмайды, деп жазады Egemen.kzazattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде жүрген шетелдік автокөліктер саны 3 мыңға жуықтайды. 

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Армения елінің нөмірі бар көліктер әзір ел аумағынан шығарылмайды. Еуроодаққа мүше емес елдерден келген көліктер ғана 30-қыркүйекке дейін Қазақстаннан шығарылады немесе оларға баж салығын төлеу міндеттеледі. Ал, жоғарыда аталған көліктер үшін ешқандай шектеу қойылмайды.

«Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения нөмірі бар автокөліктерге Қазақстанда жүруге шектеу жоқ. Қазақстанда бір жылдан асқан басқа барлық шетелдік машиналар біздің елдің аумағынан ғана емес, сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь елдерінен де шығарылуы керек. Өйткені бұл елдер Еуроазиялық экономикалық одақ аясында кеден кодексін бекітті», дейді  ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<