«Қайсар» дәрігерлерге тағзым жасады

429

0

«Қайсар» футбол клубы коронавируспен күресте тұрғындар денсаулығын сақтау жолында ерлікпен көз жұмған дәрігерлерге арналған ескерткішке барып, тағзым жасады.

Футболшылар Covid-пен күресте өмірден өткен дәрігерлерге құран бағыштап, бір минут үнсіздік жариялады.

Клуб директоры Серік Досманбетов қазіргі ахуалда ақ халатты абзал жандардың сіңірген еңбегі мен ерлігінің ұшан теңіз екенін жеткізді.

– Дөңгеленген дүниені дүрбелеңге салған індетпен күрес барысында өңірде 19 медицина маманы өмірден өтті. Сол бір қиын кезеңде дәрігерлер сан мыңдаған адамға қол ұшын созып, олардың өмірін сақтап қалды. Сол ізгілікті жолда індетті жұқтыру салдарынан ғұмыры ерте үзілген дәрігерлер қашанда «Қайсар» футбол клубының жадында мәңгілікке сақталады, – деді клуб басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<