«Қайырымдылық керуені» байқауы үшінші мәрте өткізіледі

1011

0

Елдің қоғамдық, әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып жүрген, қолы ашық, жомарт азаматтарды қолдауға бағытталған  «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы жалғасуда. Еліміздің барлық өңірінде үміткерлерді іріктеу жұмысы 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Ал жеңімпаздар келер жылы Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған ауқымды шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бірлесіп өткізуде.

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге атсалысып жүрген, көмек қолын созып, басқаларға игі істерімен үлгі бола білген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Лауреаттар әдеттегідей «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы» сынды бес номинация бойынша анықталады. Айта кету керек, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<