Қаланың шеткі аймағы тұрғындары белсенділік танытты

281

0

Қаланың шеткі аймағындағы № 43 мектепте орналасқан № 185 сайлау учаскесінде 2 мыңнан астам адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Мұнда Торайғыров, Кенесары, Ақжарма және осы аумақтағы өзге де көше тұрғындары таңдау жасай алады.


Сайлау учаскесінің төрағасы Бақыт Иманбердиева тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін жеткізді. Таңертеңнен бастап өз таңдауын жасауға келген кісілердің қарасы қалың екенін айтты.


Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Жібек Қуандықова да бүгін алғашқылар қатарында учаскеге келді. Өз таңдауын жасаған ол еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрбір азаматтың мұндай шараға белсенді қатысуы қажет деп санайды.


– Мен 60 жастан астым. Бұрынғы жылдарда да сайлаудан шет қалған емеспін. Еліміз үшін маңызды шарадан шет қалмауға тиістіміз. Сондықтан жерлестерімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз