Қаншаға көбейеміз?

515

0

Зерттеушілер 2100 жылға қарай планетамызда қанша адам өмір сүретінін болжады. Ғалымдардың пікірінше, 2064 жылы әлем халқының саны айтарлықтай көбейіп, 9,7 млрд адамға жетуі мүмкін.

Алайда 2100 жылға қарай Жер тұрғындарының саны 8,8 миллиардқа дейін азаяды. Бұл көрсеткіш БҰҰ сарапшыларының болжамынан екі миллиардқа аз болып отыр. Мамандардың пікірінше, аталған уақытқа дейін бала туу коэффициенті төмендейді, ол әйелдердің білім деңгейінің жоғарылауына да байланысты болуы мүмкін. Зерттеушілердің болжамы бойынша 80 жылдан кейін Үндістан, Нигерия, Қытай, АҚШ және Пәкістанда тұрғындар саны өте көп тіркеледі. Сонымен қатар ғалымдар 2100 жылға қарай 20-дан астам ел халқының жартысынан көбі азая­ды деп отыр. Атап айтқанда, бұл тізімге Жапония, Таиланд, Испания және Италия кіреді. Ал Қытай халқының саны 48% азаюы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<