Қармақшы ауданының әкімі спортшыларды қабылдады

793

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшыларды қабылдады.

Карантин талаптарына сәйкес санитарлық ережелерді сақтай отырып өткен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудан ардагерлері мен спорт саласының басшылары, чемпионаттар мен ел біріншіліктерінде жүлделі орындарды иеленген жастар мен жасөспірімдер қатысты.

– Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі. Киелі де қасиетті Қармақшы өңірінің абыройын асқақтату жолындағы спорт саласында жеткен жетістіктеріңізге алғысымды білдіремін.Алдағы уақытта да спорт саласының сан қырлы сырларын меңгеріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбіретуге тілектеспін, – деді жиында сөз сөйлеген аудан әкімі.

Сонымен қатар, кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Ә. Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов сөз сөйлеп, жас спортшыларға тілектестік білдірді. Кездесу соңында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков үздіктер сапынан көрінген жас спортшыларға алғыс хаттар табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<