Қаржы-экономика саласына 100 жыл

857

0

Ел Тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген қаржы-экономика саласы ғасыр белесінде. Жүз жыл уақыт аралағында Сыр өңірінің қаржыгерлік мектебі қалыптасып, аталған саланын біртуар азаматтары ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосты. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай атаулы мерейтойға орай өткізілетін ізгі шаралар тізбегін баяндады.

«Қаржы саласының қалыптасуы 1920 жылдан бастау алады. Осы уақыт аралағында талай еңбек ерлері облыс экономикасының ілгерлеуіне аянбай қызмет етті. Камал Шөкенов, Бименді Баймаханов, Құттықожа Ыдырысов, Қалқазбек Әжібеков, Райхан Искакова сынды еңбек ардагерлері саланың қалыптасуына қайталанбас ізгі жол қалдырды. Атаулы датаға орай, 11 қараша күні Тұңғыш Президент саябағында 100 жылдық мереке аясында 100 түп ағаш отырғызылады. Одан әрі игі шара қаржы ардагерлерін еске алумен жалғаспақ. 12 қараша күні Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында «Ғасыр белесінде» атты кітаптың тұсаукесері өтеді», – деді басқарма басшысы Нұрғали Рахымшаұлы.

Алқалы жиында қаржы саласының ардагері Қалқазбек Әжібеков аталған саланың құрылу тарихын еске алып, облыс экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

«1921 жылы қазан айында Бүкілқазақ сьезінде қаржы жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Дәл сол жылдың 20 тамызында қаржы халық комиссариаты құрылған болатын. Ал қазан айында мемлекеттік жоспарлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Біте қайнасқан екі салаға − 100 жыл. Барша осы салада еңбек етіп жүрген мамандарды атаулы мерекесімен құттықтаймын», – деді сала ардагері Қалқазбек Әжібекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<