Қазалыда құран жаттау орталығының іргетасы қаланды

293

0

Қазалыда аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Абуовтың қатысуымен «Жанқожа батыр» атындағы құран жаттау орталығының іргетасы қаланды.


Айта кетейік, орталық аудандағы дін жанашырларының демеушілігімен салынып жатыр. Екі қабатты жаңа ғимарат ішінде шәкірттерге арналған жатын бөлмелер, сыныптар, ұстаздарға арналған бөлмелер, асхана, кітапхана сынды бөлмелерсалынады деп жоспарлануда. Игілікті істің басы-қасында «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов бастаған жанашыр азаматтар жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз