Қазалыға 1600 доза «СИНОВАК» вакцинасы келді

496

0

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте халықты жаппай вакцинациялау мәселесі қаралды.

Басқосуда аудан басшысы індетті тоқтатудың бірден-бір жолы – екпе алу екенін баса айтты.

– Қазалы ауданында вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан халқының 72 пайызы вакцина алған. Дегенмен, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында және Көларық, Шәкен ауылдық округтерінде көрсеткіш төмен. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне қарамастан тұрғындар мерекелік шараларды, той-томалақ өткізуді тоқтатар емес. Алда жаңа оқу жылы келе жатыр. Балалар мектепке барып оқитын болады. Сондықтан вакцинациялау жұмыстарына ерекше мән беру қажет. Себебі індетті тоқтатудың ғылыми дәлелденген жолы – екпе алу, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Сондай-ақ, қазіргі таңда ауданға 1600 доза «Синовак» вакцинасы әкелініп, бөлініске сәйкес аумақтарға жеткізілгенін тілге тиек етті. Вакцина алуға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемелеріне жүгінсе болады.

Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне байланысты ауылдық округ әкімдері басқосуға онлайн қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<