Қазақ киносының саңлағы

405

0

Фото: автордан

Ұлтымыздың бүкіл болмысын көз алдыңа әкеліп, ұмыт болған құндылықтарымызды таспалаған кино өнері, қазақтың кино өнерінің шоқтығы биік тұлғасы – Шәкен Кенжетайұлы Айманов.

Кеше режиссердің өмірге келгеніне 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлт болмысына ұстын болған өнер» атты шараның үлкен мәні бар. Ұлттың ұлы тұлғаларын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың санасына өткенді қадірлеудің дәнегі егіліп, олардың саналы ғұмыр кешулеріне әсері болмақ.

«Болашақ» университеті ұйымдастырған шараға Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен жұбайы Бағдат қатысты. Кездесу кешін университет құрылтайшысы Бақберген Сәрсенұлы ашып, шақыруды қабыл алған мәртебелі меймандарға алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Асанәлі Әшімұлына «Болашақ» университетінің Құрметті профессоры» мәртебелі атағын тапсырылды. Абыз ақсақал ұйымдастырушыларға алғысын айтып, Шәкен Кенжетайұлының 110 жылдығын «Болашақ» университеті бастап атап өтіп жатқанын ризалық сезіммен жеткізді.

Б.САЙМАҒАНБЕТОВ,

«Болашақ» университеті

«Рекрутинг және мансап»

орталығының жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<