Қазақстанда карантиндік шектеулер қашан жеңілдетіледі?

194

0


Қазақстан «жасыл аймаққа» енді, егер жуырда жағдай өзгермесе, Министрлік елдегі бірқатар тыйымдарды шешуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 маусымда Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. 8 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, елде тек екі өңір «қызыл» аймақта қалады – Нұр-сұлтан және Қарағанды облысы. «Сары» аймақта – Алматы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары. Пандемия басталғаннан бері елде 395 832 COVID-19 инфекциясы тіркелді. Бір күнде жұқтырғандар саны 768-ге өсті.

«Егер бес күн ішінде ҚР аумағында жағдай тұрақты болса, онда карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қаралатын болады», деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Аstanatv арнасына берген сұхбатында.