Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары азайды

223

0

Қазақстанда өткен тәулікте 768 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 73,

Алматы қаласы – 125,

Шымкент қаласы – 21,

Ақмола облысы – 62,

Алматы облысы – 59,

Атырау облысы – 29,

Шығыс Қазақстан облысы – 70,

Жамбыл облысы – 16,

Батыс Қазақстан облысы – 39,

Қарағанды облысы – 149,

Қостанай облысы – 36,

Қызылорда облысы – 8,

Маңғыстау облысы – 9,

Павлодар облысы – 51,

Солтүстік Қазақстан облысы – 13,

Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, 6 маусым күні коронавирустың жаңадан 989 жағдайы анықталған болатын. 5 маусымда 1 191 оқиға тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа 395 832 адам шалдықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<