Қазақстанда күн жылынады

652

0

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, ел аумағында қатты жауын-шашын болып, ауа температурасының жоғарылауы байқалады.

«Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі», – дейді синоптиктер. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<