Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алушылар саны тәулігіне 12 есеге артты – ДСМ

515

0

Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталған сәттен бері коронавирусқа қарсы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Вакцина жеткізу жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Сәуір айының соңында ақпаннан бастап өсім қорытындысымен вакцинаның 2,3 млн дозасы жеткізілді. Вакцинациялау қарқын алып келе жатыр. Мәселен, 1 сәуірмен салыстырғанда, тәулік ішінде бірінші және екінші дозамен егілгендердің саны 12 есеге артып, тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін ұлғайды», – деді министр.

Оның атап өтуінше, халықты егу жұмысына 11 мың медцина қызметкері, 1 мыңнан астам стационарлық егу пункті және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылған. Вакцинациялау пункттері 2 ауысыммен сағат 24-00-ге дейін және демалыс күндері де жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталған сәттен бері коронавирусқа қарсы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. Дегенмен, өңірлердің әкімдері қазіргі уақытта ауыл тұрғындарын вакцинациялауға назар аударғаны жөн. Бұл мақсатқа жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану қажет», – деді Алексей Цой.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<