Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болады?

1174

0

2021 жылдың мамыр айына арналған ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айында жазғы атмосфералық процесcтерге көшу жүзеге асырылады. Сәуірден мамырға қарай жауын-шашын ҚР солтүстік жартысында және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында ұлғаяды.

Мамыр айында ұзақ жылудан кейін суық ауа райы қайталануы мүмкін. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда үсік мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстігінде – айдың соңында аяқталады, бірақ кейбір жылдары оңтүстік аймақтарда үсік мамыр айының соңында, солтүстік және шығыс аймақтарда, тіпті маусымда да болуы мүмкін.

3 мамырдан бастап Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Каспийдің оңтүстігінен елдің басым бөлігіне жылы ауа массаларының шығуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және температуралық фонның одан әрі жоғарылауы болжанады:

Республиканың басым бөлігінде түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-қа дейін, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында термометр бағандары түнде +15+20°С, күндіз +30+38°С белгісіне жетеді.

Қазақстанның батысында солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз ауа температурасының +20+28°С-тан +13+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Бірінші онкүндіктің ортасында атмосфералық фронттардың батыстан шығысқа қарай ығысуымен республика аумағының кей жерлерінде екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр және күн күркіреуі байқалады.

Батыс антициклонының кіруімен бірінші онкүндіктің соңында ҚР басым бөлігінде температураның 5-10°С-қа қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі, солтүстік жартысында тағы да түнгі уақытта 3°С градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Консультативтік болжамға сәйкес, суық толқын екінші онкүндікте де күтіледі, елдің солтүстік жартысында ауа температурасы 5°С үсікке дейін, күндіз +10+15°С-қа, оңтүстік жартысында – түнде +3+10°С-қа, күндіз +12+20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде жылудың қарқынды толқыны кезінде солтүстік өңірлерде ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы +25+33°С-қа дейін, оңтүстік жартысында +30+38°С-қа дейін жоғарылайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<